Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісіп, оқырманын сүйіншілетті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ұлына екінші рет той өткізгенін хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әншінің айтуынша, бұл жолғы думанды шара Арал өңірінде, өзінің туған жерінде ұйымдастырылған. Ақ дастархан жайылып, ағайын-туыс пен дос-жаран бас қосқан кеште үлкендер ақ батасын беріп, қуанышты сәттің куәсі болған.
«30 күн ойын, 40 күн той – береке мен қуаныштың белгісі. Аллаға шүкір, Аралға барып, туған жерімізде әдемі той өткіздік», – деп жазды әнші.
Сонымен қатар, Жазира Байырбекова барша қазақстандықтарға ізгі тілегін арнап, әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық тіледі.