Контентке өту

Желіде Сабина Мовлаева мен Димаш Құдайбергеннің «жұбы» қызу талқыға түсті

Желіде Сабина Мовлаева мен Димаш Құдайбергеннің «жұбы» қызу талқыға түсті
ашық дерек

Динара Сәтжанның бағдарламасына қонақ болған блогер Сабина Мовлаева мен әнші Димаш Құдайберген жасанды интеллект көмегімен жұп ретінде бейнеленіп, әлеуметтік желіде қызу талқыға себеп болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бағдарлама барысында Сабина Мовлаева Димашпен бала кезден таныс екенін айтты. Оның сөзінше, олар бір кезде көрші тұрған әрі түрлі жобаларда бірге жұмыс істеген.

Эфир барысында жасанды интеллект арқылы жасалған көріністе Сабина мен Димаш болашақ жұп ретінде көрсетілген. Бұл үзінді әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Сабина Мовлаеваны қолдап, оның ашық әрі шынайы адам екенін жазса, енді бірі блогердің Димашқа лайық емес екенін алға тартқан. Кейбір оқырмандар мұндай контенттің тек ойын-сауық мақсатында жасалғанын айтып, жеке тұлғалардың таңдауына құрметпен қарауға шақырды.

Қазіргі таңда аталған видео әлеуметтік желілерде кең таралып, қызу пікірталасқа ұласуда. Ал Сабина Мовлаева мен Димаш Құдайберген бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты