Мекеме мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісіне бөлінген жалпы көлемі 1 883 гектар жердің бір бөлігі нысаналы мақсатына сай қолданылмағанын анықтаған. Атап айтқанда, жайылым ретінде пайдаланылуы тиіс алқаптар жыртылып, егістікке айналдырылған. Бұл қолданыстағы жер заңнамасының талаптарына қайшы келеді.
Тексеру нәтижесінде жер пайдаланушыға заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілгенімен, белгіленген мерзімде талаптар орындалмаған. Осыған байланысты жер ресурстарын басқару департаменті Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолдады.
Сот шешімімен 274,9 гектар жер телімі мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтарылды. Қабылданған шешім қазіргі таңда заңды күшіне енген.