Контентке өту

Жолдағы жанжал жазасыз қалмайды: Заң мен Тәртіп – басты қағида

Жолдағы жанжал жазасыз қалмайды: Заң мен Тәртіп – басты қағида

Жолдағы өзара түсініспеушілік пен агрессия тек уақытты жоғалту емес, сонымен қатар заң алдындағы үлкен жауапкершілік. Жуырда жарияланған ақпараттық бейнеролик жүргізушілерді жол мәдениетін сақтауға шақырады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бейнематериалда атап өтілгендей, жолда бір-біріне жол бермей, жанжал шығару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Егер бұл әрекеттер басқа жүргізушілерге қауіп төндірсе, жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі де бар. Ал ең ауыр жағдайда – денсаулыққа зақым келсе, мәселе қылмыстық іске айналуы мүмкін.

«Жол – күш көрсету орны емес, жол – қауіпсіздік пен тәртіп орны», – дейді мамандар. Әрбір азаматты сабырлы болуға, арақашықтықты сақтауға және қауіпті маневрлерден аулақ болуға үндейміз. Күрделі жағдай туындаса, бірден 102 нөміріне хабарласқан жөн.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты