Әнші Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын Төлепбергеннің бірінші жары Әсел Төлепбергенге қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесі «Мамский әңгіме» подкастында Әсел Төлепбергенді ақылды әрі парасатты жан ретінде сипаттап, оның бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.
Жұлдыздың айтуынша, уақыт өте келе және екінші рет ана атанғаннан кейін көптеген нәрсеге басқаша көзқараспен қарай бастаған.
«Кейбір дүниелерді ана болған соң ғана түсінеді екенсің. Сол себепті іштей кешірім сұраған сәттерім де болды», – деді әнші.
Сондай-ақ ол болашақта екі отбасының балалары тату-тәтті араласып, ортақ қуаныштарды бірге бөліссе деген тілегін жеткізді.
«Балаларымыздың тойын бірге өткізіп, олардың қуанышына бірге куә болсақ деймін», – деп ағынан жарылды Жұлдыз Өмірғали.
Әншінің бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар тарапынан түрлі пікірлерге себеп болды.