Танымал әншілер Жазира Байырбекова мен Жанболат Байырбеков отбасының қуанышына арналған той көпшіліктің назарын аударды. Сән-салтанатымен ерекшеленген кеш тек безендірілуімен ғана емес, қонақтардың көңілді атмосферасымен де есте қалды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әсіресе, бұл кеште бірге бой көрсеткен Гүлзира Айдарбекова мен келіні Жұлдыз Әбдікарімова жұрт назарын ерекше аударды. Екеуінің той барысында бірге би билеп, әзілдесіп, еркін қарым-қатынаста отырған сәттері әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Желіде жарияланған видеолардан ене мен келіннің бір-біріне деген сыйластығы мен жақындығы айқын байқалады. Көпшілік олардың осындай үйлесімді қарым-қатынасына сүйсініп, жылы пікірлер қалдырды.
Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл көріністі үлгілі отбасының белгісі деп бағаласа, енді бірі келіннің еркін қимыл-қозғалысын сынға алды. Соған қарамастан, басым көпшілік олардың арасындағы түсіністік пен жарасымды қарым-қатынасты жоғары бағалап отыр.
Жалпы, көпшілік үшін ене мен келін арасындағы мұндай сыйластық — кез келген отбасыдағы маңызды құндылықтардың бірі екені тағы бір мәрте дәлелденді.