Контентке өту

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
ашық дерек

Журналист Ботагөз Омароваға қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл ақпаратты оның адвокаты Толқын Әбілова растады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Адвокаттың айтуынша, журналистке қатысты қолданылған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының да күші жойылған.

Еске салайық, биыл наурыз айында Ботагөз Омарова «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында полицияға шақырылған болатын. Кейін оның процессуалдық мәртебесі күдікті болып өзгертіліп, үйқамаққа алынған еді.

13 мамыр күні Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов журналистке қатысты тергеу аяқталғанын және істің жақын арада сотқа жолданатынын мәлімдеген.

Алайда 22 мамырға қараған түні журналист «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясына қатысты жариялаған материалдарын теріске шығарды. Осыдан кейін қылмыстық істің тоқтатылғаны белгілі болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты