Контентке өту

Жүрсін Ерман: «Президент қолдау көрсетіп, аяғымды кестірмей аман қалдым»

Жүрсін Ерман: «Президент қолдау көрсетіп, аяғымды кестірмей аман қалдым»
ашық дерек

Белгілі айтыс ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезең туралы айтып берді. Ол бұл жайында “1001 түн” бағдарламасында баяндағанын kznews.kz хабарлады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ақынның айтуынша, денсаулығына қант диабеті қатты әсер етіп, жағдайы күрт нашарлаған. Алматыдағы ірі медициналық орталықтардың бірінде ем қабылдағанымен, дәрігерлер оның аяғын кесу қажет деген шешім шығарған.

«Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. “Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың” деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?!» – деді ақын.

Жүрсін Ерман бұған келіспей, шетелге барып қаралуға шешім қабылдағанын айтты. Ол Швейцарияға барып, сол жақтағы мамандардан тексеруден өткен. Шетелдік дәрігерлер аяқты кесудің қажеті жоқ деген қорытынды шығарған.

Ақынның сөзінше, шетелге емделуге баруына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсеткен.

«Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім», – деді ол.

Сонымен қатар ақын ауруханадан шыққаннан кейін қыздарының күтімі мен халықтың қолдауы өзіне үлкен демеу болғанын жеткізді.

«Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді», – деп жан сырын ақтарды Жүрсін Ерман.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты