Контентке өту

“Жүруді үйреніп жүрмін”: Шетелден келген Тамара Асар қазіргі жағдайымен бөлісті

“Жүруді үйреніп жүрмін”: Шетелден келген Тамара Асар қазіргі жағдайымен бөлісті
ашық дерек

Тамара Асар шетелден аман-есен оралып, әлеуметтік желі арқылы тыңдармандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі денсаулығының біртіндеп жақсарып келе жатқанын айтып, өзіне қолдау білдірген жандарға жүрекжарды тілегін жолдады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта қайтадан жүріп-тұруға бейімделіп жатыр.

«Маған жолдап жазған, ақ тілектеріңіз үшін көп-көп рақмет. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Шүкір Аллаға, аман-есен шетелден елге оралдық. Аяғымды қайта басып, жүріп үйреніп жүрмін, лайым да жақсылықтан дәмелімін», – деп жазды әнші.

Алғашқы концерттер қай қалаларда өтеді?

Сонымен қатар, әнші жанкүйерлерінің өтінішімен алғашқы концерттерін қай қалаларда өткізуді жоспарлап отырғанын да бөлісті. Оның айтуынша, алдағы шығармашылық кештерін Ақтау, Жаңаөзен және Шетпе қалаларында бастау жөнінде ұсыныстар түскен.

Тамара Асар өз кезегінде тыңдармандарын сағынғанын жеткізіп, алдағы кездесулерге дайын екенін атап өтті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты