Блогер Жузефина әлеуметтік желідегі кезекті жазбасымен оқырмандардың қызу талқысына түсті. Ол Instagram Stories парақшасында Дарикорнмен болған жеке хат алмасудың скриншоттарын жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жарияланған хаттардан Дарикорнның отбасындағы қиын кезеңде Жузефинадан кеңес сұрағаны байқалады. Хабарламалардың бірінде Дарикорн: «Рахмет, көзімді аштың. Мұны маған бұрын айту керек еді», – деп жазған.
Өз кезегінде Жузефина оған қолдау білдіріп, отбасыны сақтап қалуға үндеген.
«Бәрі жақсы болады. Сен бәрін сездің, бірақ жаман нәрсеге сенгің келмеді. Бұл да сенің таңдауың. Бәрі өтеді, әлі жақсы күндер болады. Ол – балаларыңның әкесі, балаларды әкесінен айырма. Мықты бол. Мен әрқашан отбасы үшінмін. Жүрегіңнің қалауымен шешім қабылдайсың», – деп жазған блогер.
Айта кетейік, бұған дейін Жузефина Дарханға қатысты даулы жағдай жөнінде сұхбат беріп, оның өзіне түн ортасында хабарласқаны туралы айтқан болатын. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударған еді.
Енді блогер Дарикорнмен арадағы жеке хат алмасуын жариялап, тағы да желі қолданушыларының талқысына түсті. Оқырмандардың бір бөлігі Жузефинаның әрекетін қолдаса, енді бірі жеке хаттарды жариялауды дұрыс емес деп бағалауда.
Қазіргі уақытта жарияланған жазбалар әлеуметтік желілерде кең тарап, қызу пікірталас тудырып отыр.