Контентке өту

Жузефина танымал әншілер туралы мәлімдеме жасап, желіні шулатты

Жузефина танымал әншілер туралы мәлімдеме жасап, желіні шулатты
ашық дерек

Жузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева TikTok желісіндегі тікелей эфирінде бірқатар танымал тұлғаларға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Эфир барысында блогер өнер адамдары туралы түрлі мәлімдемелер жасап, олардың арасында әнші Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртастың інісі Заңғардың есімдерін атады.

Жұлдыз Жауынбаеваның сөзінше, ол аталған азаматтармен бұрын аралас-құралас болған. Сондай-ақ қолында түрлі бейнематериалдар бар екенін айтып, қажет болған жағдайда оларды жариялауы мүмкін екенін жеткізді.

«Менде бәрінің видеолары бар. Қажет болса, өздері айтып береді. Әлі жарияланбаған басқа да дүниелер бар», – деді блогер тікелей эфирде.

Сонымен қатар ол өзіне қатысты түрлі ақпараттар тарап жатқанын айтып, қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді.

Эфирден кейін әлеуметтік желі қолданушылары блогердің мәлімдемелерін қызу талқылай бастады. Алайда оның айтқан сөздері мен келтірген мәліметтері әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Айта кетейік, тікелей эфир барысында түсірілген кейбір кадрлар да желіде кеңінен таралып, оқырмандар арасында түрлі пікірлердің туындауына себеп болды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты