Контентке өту

Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,8%) Қытайдан, 43,6% – Өзбекстаннан, 2,7% – Түрікменстаннан, 2% – Ресейден, 2,2% – Монғолиядан  және 1,7 – басқа елдерден тіркелді, деп хабарлайды baq-orda.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2025 жылда еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1%-ды және зейнеткерлер 8,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша: 13,1%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білімді, 51,9%-ы жалпы орта білімді, және 7,9%-ының білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2026 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 281 адамды құрайды. 2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша аталған өңірлерге 569 қандас қоныстанды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (302,8 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (64,9-ден 129,8 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 139 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 108 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділігі сертификаты 1 625 АЕК немесе бір отбасына 7 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз негізде енгізілді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты