Контентке өту

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 22,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 22,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 153 кәсіпорында 1,2 мыңнан астам жұмыскер алдында 719 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады. Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқықтарының 2,7 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Жалақы бойынша берешек пен еңбек құқықтарының бұзушылықтары анықталған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 630 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 187,4 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеудің нәтижесінде 859 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 535,8 млн теңге төленді.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыр.

2026 жылғы 1 мамырдағы деректерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 446 тексеру жүргізіп, оның барысында 2 799 құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде: еңбек қатынастары саласында – 2 340, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 433, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 26.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21,9 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты