БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Байқоңырдан Иранның спутнигі ұшырылады

Байқоңырдан Иранның спутнигі ұшырылады
caption
Байқоңырдан Иранның спутнигі ұшырылады
Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын спутниктер тобымен ұшыру жұмыстары жүріп жатыр. Спутник 9 тамызында айлақтан ұшырылмақ. Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-2.1 б» зымыран тасығышы Иран Ислам Республикасының тапсырысы бойынша «Хайям» Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппаратын орбитаға шығаруы тиіс. Спутник Роскосмос құрамына кіретін кәсіпорындарда жасалған. Сондай-ақ топқа Иранның ЖҚЗ спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары, коммерциялық компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар ғылыми және технологиялық зерттеулер үшін құрған 16 шағын ғарыш аппараты - ресейлік шағын спутниктер ұшырылады.  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар