Мемлекеттік қызмет көрсету – азамат пен мемлекеттің күнделікті байланысының ең маңыздыбағыттарының бірі. Сондықтан көрсетілетінқызметтің сапасы, қолжетімділігі және заңталаптарына сәйкестігі халықтың мемлекеттікоргандарға деген сенімін қалыптастыратын бастыфакторлардың бірі болып табылады, деп хабарлайды baq-orda.kz.
.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекеттік аппарат қызметі ең алдыменазаматтардың мүддесіне бағытталуы тиіс екенінбірнеше рет атап өтті. Осыған сәйкес, мемлекеттікқызмет көрсету жүйесін жетілдіру, бюрократиялықкедергілерді азайту және цифрлық қызметтердіңүлесін арттыру бағытында жүйелі жұмыстаржүргізілуде.
Бүгінде Жамбыл облысында мемлекеттікқызметтерді 21 орталық мемлекеттік органныңаумақтық бөлімшесі, 11 облыстық басқарма, Таразқаласы мен облыстың 10 ауданының жергіліктіатқарушы органдары көрсетеді. Мемлекеттіккөрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес өңірдебарлығы 373 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді.
2026 жылдың 9 ай қорытындысы бойыншаөңірде 11 087 591мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 10 613 892 қызмет электрондықформатта ұсынылды. Бұл көрсеткіш мемлекеттікқызметтерді цифрлық форматта алу үлесініңтұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Соныменқатар, баламалы қағаз түрінде 328 586 қызмет, ал қызмет берушілер арқылы тікелей қағаз нысанында145 113 қызмет көрсетілді.
Алайда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы тек көрсетілген қызметтердің саны мен өлшенбейді. Еңбастысы – азаматтардың құқықтарының сақталуы мен заң талаптарының мүлтіксіз орындалуы.
Осы мақсатта Департамент тарапынанмемлекеттік қызмет көрсету саласындағызаңнаманың сақталуына тұрақты бақылаужүргізіледі. Биылғы жылдың тоғыз ай қорытындысы бойынша 34 бақылау іс-шарасыөткізіліп, оның нәтижесінде 6247 заң бұзушылықанықталды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкөрсету мерзімдерін бұзу, қызмет көрсетудіңбелгіленген тәртібін сақтамау, негізсіз бас тарту, құжаттар топтамасы толық болмай тұрып қызметкөрсету және артық құжаттарды талап етуфактілері бар.
Анықталған заң бұзушылықтардың әрқайсысыбойынша мемлекеттік органдарға оларды жоюжөнінде міндетті ұсынымдар беріліп, заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларзаңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Есепті кезеңде 21 лауазымды тұлғаға қатысты 46әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаматолтырылып, жалпы сомасы 2 832875 теңгекөлемінде әкімшілік айыппұлсалынды.
Департамент жұмысының негізгі нәтижесі – азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпынакелтіру. Биылғы жылдың тоғыз ай қорытындысы бойынша 350 қызмет алушының құқықтарықорғалды. Бұл жоспарлы және жоспардан тыстексерулердің, қашықтықтан мемлекеттік байқаужәне азаматтардың өтініштері бойыншажүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесіндемүмкін болды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетумәселелері бойынша 189 жолданым қаралып, олардың негізінде тиісті шаралар қабылданды.Қазіргі таңда азаматтардың пікіріне ерекше көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Егер көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса немесе заң бұзушылыққа тап болсаңыз,E-otinishнемесе EgovKzBot2.0 Telegram-боты арқылы шағым қалдыруға болады. Бұл сервис азаматтардыңөтініштерін жедел қабылдауға және қысқа мерзімде қарауға мүмкіндік береді. Әрбір шағым бақылауға алынып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда алдын алу шараларының да маңызы зор. Осы бағытта Департаментпен 61 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға заңнама талаптары кеңінен түсіндірілді. Бұдан бөлек, ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған 31ұсыным қабылданып, толық орындалды.
Департамент жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі – мемлекеттік қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Осы бағытта 2026 жылдың есепті кезеңінде жүргізілген бақылау, тексеру және зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 350 мемлекеттік қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша – 4, жергілікті атқарушы органдар бойынша – 346 қызмет алушының құқығы қорғалды.
Аталған жұмыстар жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілген зерделеу және қашықтықтан байқау жұмыстары нәтижесінде жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, жоспарлы тексерулердің қорытындысы бойынша 170 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімі бойынша – 154, Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары саласы бойынша – 6, Айша-бибі ауылдық округі әкімі аппараты бойынша – 10 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Жоспардан тыс тексерулер барысында 65қызмет алушының құқықтары қорғалды.Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін сақтамау, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және оның тәртібін бұзу деректері анықталды.Атап айтқанда: Мансап орталықтарымен тіркеуден негізсізшығарылған 59 қызмет алушылар жұмысіздеуші ретінде қайта тіркелді, Байзақ ауданында орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден және Меркі ауданында орналасқан жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартылған қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, азаматтардың жолданымдары негізінде мемлекеттік органдардан алынған құжаттарды зерделеу арқылы 29 қызмет алушының, ал қашықтықтан байқау жүргізу нәтижесінде 40қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға оларды жою жөнінде тиісті ұсынымдар енгізіліп, қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында нақты шаралар қабылданды.
Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет ету. Сондықтан біздің басты міндетіміз – әрбір азаматтың мемлекеттік қызметті заңға сәйкес, кедергісіз және сапалы алуына жағдай жасау. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, цифрлық сервистерді дамыту және азаматтардың құқықтарын қорғау – Департамент қызметінің негізгі басымдықтары болып қала береді.
Сапалы мемлекеттік қызмет – тиімді мемлекеттік басқарудың және халықтың мемлекетке деген сенімінің басты кепілі. Сондықтан заң талаптарын сақтау, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту – баршамызға ортақ міндет.