БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Еліміздің шахматшылары жалпыкомандалық есепте 3-орынға көтерілді

Еліміздің шахматшылары жалпыкомандалық есепте 3-орынға көтерілді
caption
Еліміздің шахматшылары жалпыкомандалық есепте 3-орынға көтерілді

Қазақстан үшінші орында. Үндістанның Ченнай қаласында шахматтан бүкіләлемдік олимпиада жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні қазақстандық қыздар Болгария құрамасымен жолықты. Нәтижесінде жерлестеріміз арасынан Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал Бибісара Асаубаева және Ксения Балабаева кездесулерін тең нәтижемен аяқтады. Айта кету керек, бұл - қазақстандық қыздардың осы жарыстағы 7-жеңісі. Бұған қоса бір рет тең түсті және бір рет есе жіберді. Осының арқасында жалпыкомандалық есепте 6-шы сатыдан 3-ші сатыға жоғарылады. Ал қазақстанның ерлер құрамасы керісінше бұл жолы Сербия шахматшыларынан ұтылып, 12-орныннан 25-орынға сырғыды. Енді қазақстандық қыздар бүгін алаң иелері, яғни, Үндістан құрамасымен жолығады. Кейінгісі жалпы есепте 2-ші тұр. Ал жігіттер Хорватия командасымен ойнайды. Жарыстың жалпы қорытындысы 10 тамызда белгілі болады.  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар