БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылдық полицейлер есірткі өндіретін фитозертхананы анықтады

Жамбылдық полицейлер есірткі өндіретін фитозертхананы анықтады
caption
Жамбылдық полицейлер есірткі өндіретін фитозертхананы анықтады
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Таразда есірткі өндіретін фитозертхананың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел ақпаратты іске асыру барысында Ресей Федерациясының 61 жастағы азаматының тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары жүргізілді. Тексеру барысында бақшада көлік дөңгелегінен 4 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ қызметкерлер фитолабораторияға айналдырылған моншаны анықтады. Онда 2 каннабис бұтасы табылды. Сондай-ақ үйдің әр жерінен кептірілген марихуана есірткі заттары табылды. Арнайы операция барысында барлығы жалпы салмағы 2400 грамм каннабис өсімдігінің 6 бұтасы, жалпы салмағы 113 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. – Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы бап екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны көздейді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады, – деді облыстық ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев. Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/zhambyldyq-politsejler-esirtki-ondiretin-fitozerthanany-anyqtady/
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар