БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Төрт баласымен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: Кейде бұл ғажайып түс пе деп өзімді шымшылаймын

Төрт баласымен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: Кейде бұл ғажайып түс пе деп өзімді шымшылаймын
caption
Төрт баласымен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы: Кейде бұл ғажайып түс пе деп өзімді шымшылаймын
Төрт баласымен америкалыққа тұрмысқа шыққан Айдын Тоқсанбаева өзінің бақытты екенін айтты, деп хабарлайды БақОрда  KYN.KZ  сайтына сілтеме жасап. Америкалық азаматқа күйеуге шыққан қазақ қызы Айдын өзінің шетелдегі өмірімен жиі инсаграм парақшасында бөліседі. 4 баласы бар ана америкаға барған әрбір қазаққа көмегі дайын екенін өз парақшасында айтуда. Күйеуі Маркка қазақ қызының 6 күн бойы тұратын жері жоқ екенін айтқан кезде "демек бізде тұрады ғой" дегені жайлы оқырмандарымен бөлісті. Бұл күйеуімнің жақсы адам болғанынан дейді. Ол қыздан бөлек сол уақытты тағы басқа 3 қыздың Work and Travel бағдарламасымен келген қыздардың бар екенін де жасырмады.
"Міне  қандай қандай жүрегі кең адамға Аллам мені қосты, жақсылық жасасаң Алладан қайтады деген осы емес пе",-деді Айдын өз әлеуметтік желісінде.
13 жыл бұрын алғаш Америкаға келген сәтте де көмек беруге қолын созуға жақын болғанын есіне алды. Қазірде осы кейпімнен таймадым дейді америкалық азаматпен бақытты өмір сүріп  жатқан қазақ қызы. "Мен 2011 жылы Нью Уоркте адасып кеткен едім, Айдын жол көрсетіп, қонақжайлығын еді. Айдын сені жақсы көремін, әр ісіңді қолдаймын ", "Жолдасыңыз қандай керемет",  "Бақытың еселене берсін қайсар қазақ қызы",  "Алла разы болсын", "Кең болсаң, кем болмайсын! Жарайсыз", деп оқырмандары өз пікірлерін білдіруде.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар