БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!
caption
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!
  Бүгін “Дарын” лицей-интернатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыттары” атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Жамбыл облысы “Жастар мәслихаты” ЖҚБ төрағасы А.Намелбек, “Дарын” лицей-интернатының директоры Назира Шілтаева, лицей-интернаттың педагогикалық ұжымы, оқушылар, барлығы 80-ге жуық адам қамтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы дәстүрлі Жолдауында білім саласына көрсетіліп келе жатқан қолдау шараларына ерекше тоқталып өтті. Әрине, бұл тұрғыда барлық қазақстандықтың көзқарасы оң деп есептеймін. Президенттің жас ұрпақтың өмір сүруі үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру туралы тапсырмалары дер кезінде қолға алынды деуге болады.  width= Ал сапалы орта қалыптастыру үшін әрбір педагог үнемі ізденісте болып, жаңалыққа жақын болуы тиіс. Әрбір педагог алдына келген баланың болашағына аса мән беріп, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынасты орнықты қалыптастырғанда ғана, білім сапасы артып қана қоймайды, бала саналы, тәрбиелі, мейірімді болып қалыптасады. Әрбір педагог шығармашылықпен айналысқанда, үнемі білімін жетілдіргенде ғана ұстаз деген атқа лайық болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы ерекше қуантады. Өйткені сапалы білім мен саналы тәрбие балаға жасаған қамқорлықтан басталады. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз. Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын. Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы деді мемлекет басшысы! Ал біз ұстаздар қауымы үкілеген үмітін арқалап келген әрбір білім алушы жастарымызға білімді, тәрбиелі, иманды, саналы, озық ойлы жастар, ұлағатты тұлға болып қалыптасуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Себебі, Жаңа Қазақстан – болашақ жастардың қолында!

“Дарын” лицей-интернатының

музыкалық жетекшісі

Бөлегенов Мейрқұл Рысбекұлы

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар