
Нұрлан имам АҚШ-та асқа қатысты
Бүгін АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өтіп жатыр. Халықаралық шараға Қазақстаннан дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысуда.
Сонымен қатар алқалы жиынға алпауыт елдің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырылған. Белгілі болғандай, қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналған."Негізгі мақсаты - әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл - әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы" - деп түсіндірді АҚШ-тағы ас туралы агенттіктің дереккөзі.


«Алланың қалауы бойынша биыл біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз қалыптастырып отырған ішкі және сыртқы саясатты, сондай-ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз», деген еді Нұрлан имам.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025