Жаңалықтар
"Қайын атам "күйеуіңе мотивация болады" деді". Мәдина Оспан мәһрге не сұрағанын айтты
- author BAQ-Orda
- 12 ақпан, 2024
- 241
"Қайын атам "күйеуіңе мотивация болады" деді". Мәдина Оспан мәһрге не сұрағанын айтты
Танымал актриса Мәдина Оспан мәһрге не сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Бақ-орда Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда ол қымбат көлік сұрағанын айтқан.
"Негізі мәһр не үшін сұралады?! Көбі сыйлық деп ойлады ғой, олай емес. Бұрын не үшін енгізген? Күйеу соғыстан оралмай қалса немесе ерлі-зайыпты екі жаққа ажырап кететін болса, әйел сол затты сатып, 1-2 ай бала-шағасымен күн көре алатындай болуы керек. Мен негізі жай нәрсе сұрай саламын деп ойлағанмын, бірақ сол жерде қайын атам "балам, бұл күйеуіңе де мотивация болады, сұра" деді". Сол үшін Гелендваген көлігін сұрадым", - деді ол.
Келесі мақала