Жаңалықтар
Ақтауда спортшы қызды зорлап, өлтірген күдікті сотталды
- author BAQ-Orda
- 5 наурыз, 2024
- 491
Ақтауда спортшы қызды зорлап, өлтірген күдікті сотталды
Ақтауда 21 жастағы Валерия Шалнованы зорлап, өлтірген күдіктіге сот үкім кесті, деп хабарлайды Бақ-Орда EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды. Қайтыс болған қыздың туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, 21 жастағы ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде табылған болатын. Марқұмның туыстары Валерия Шальнова суицид жасады дегенге сенбеген. Қоғамдық наразылықтан кейін полиция бұл істі «Кісі өлтіру» деп өзгертті.
Келесі мақала