Контентке өту

«Қатты қорыққаннан жаздым»: Фариза Жұманова оқырмандарынан кешірім сұрады

«Қатты қорыққаннан жаздым»: Фариза Жұманова оқырмандарынан кешірім сұрады
ашық дерек

Әнші Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі даулы жазбасына байланысты оқырмандарынан кешірім сұрап, түсіністік танытуды өтінді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, көпшіліктің талқысына түскен жазбасы ауыр эмоциялық жағдайда жарияланған. Фариза Жұманова жазбаны қатты қорқыныш пен ашудың әсерімен бөліскенін жеткізді.

«Қатты эмоцияға беріліп, бір өлім аузынан қалған сәтте айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын. Ол сөздер расымен саналы түрде емес, қатты қорқып, ашуланғаннан жазылды. Кешіріммен қарап, түсіністік танытуларыңызды сұраймын», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Фариза Жұманова жеке парақшасында Шымкент қаласындағы көлік жүргізушісінің суретін жариялап, жолда апатты жағдайға тап бола жаздағанын мәлімдеген болатын.

Аталған жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды. Кейіннен әншінің жұбайы өз сөздеріне түсініктеме беріп, оқырмандарынан кешірім сұрады.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты