Жаңалықтар
Жамбыл облысында бюджеттен бөлінген 105 млн теңге жымқырылған
- author BAQ-Orda
- 30 сәуір, 2024
- 174

Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, субсидиялауға бөлінген ақшаны заңсыз алған.
Жамбыл облысында 105 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған екі тұрғын ұсталды, деп хабарлады Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады.
Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Наурыз айында аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Келесі мақала
Сақтанбасаң, өрттен келер қауіп көп
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025