Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасын сәйкес, өткен жылы Тараз қаласында электромобильдерді қуаттайтын станциялар салу бастамасы қолға алынған. Биыл инвесторлар бұл жобаны іске асырады, деп хабарлайды БақОрда jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың сөзінше, тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын орындар салу жұмысы алдағы 1 айдың көлемінде басталады. Ол үшін инвесторларға тиісті жер телімі берілген. Облыс әкімі табиғаты туризмге қолайлы аймаққа дәл осындай мақсатта жұмыс атқаратын тағы қосымша инвесторлар тарту керектігін айтып, шаһар басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.
"Облыстың ішінде мына электромобильдерге ең қолайлы инфроқұрылымды жасайтын қала болуы керек. Осы бойынша инвесторларды да алып келдік. Бұған қарамастан, қосымша инвесторлар тарту керек. Қуаттау станцияларын Таразда жинай алатын зауыт салайық. Осыны қолға алыңыз,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
Мойынқұмның әкімі қызметінен кетті
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
- авторAdmin
- 26 желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
- авторAdmin
- 26 желтоқсан, 2025




