Жаңалықтар
Таразда заңсыз жұмыс істеп келген білім беру ұйымының қызметі тоқтатылды
- author BAQ-Orda
- 17 қаңтар, 2025
- 62
Тараз қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істейтін білім беру мекемелерінің қызметін тексерді.
"Бәйдібек" қайырымдылық мекемесі 2023 жылдан бастап білім беру қызметін тиісті лицензиясыз жүзеге асырған, деп хабарлайды Бақорда Тараз қаласы прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.
"Аталған мекемеде 36 бала оқыған. Оларға санитарлық-эпидемиологиялық, көші-қон, өртке қарсы қауіпсіздік, еңбек және сәулет-құрылыс нормаларына қатысты елеулі заң бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты Тараз қаласының прокуроры Жамбыл облыстық мамандандырылған экономикалық сотына заңды тұлғаны тіркеуді жою туралы талап арыз берді", – делінген хабарламада.
2024 жылдың қазан айында Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл ұйымның қызметін тоқтату, жою және тіркеуден шығару туралы шешім шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.