БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жұмысшы мамандықтарын қолдау: «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды

Жұмысшы мамандықтарын қолдау: «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды
ашық дереккөз
Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Үкімет техникалық мамандарды қолдау шараларын күшейтіп отыр. Осы мақсатта Отбасы банкі жаңа «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосқанын жариялады. Бағдарлама жұмысшы мамандардың баспана мәселесін шешуге бағытталған, деп хабарлайды БақОрда Primeminister.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кімдер қамтылады?

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларында қызмет ететін жұмысшыларды қамтиды. Биыл бағдарлама аясында 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланған.

Бағдарлама шарттары

Несие мөлшерлемесі:

Әлеуметтік осал топтарға – 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін).

Басқа санаттар үшін – 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).

Бастапқы жарна:

Бастапқы тұрғын үй (таза әрлеумен) – 10%.

Әрленбеген немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй – 20%.

Несиенің ең жоғары сомасы:

Облыстар үшін – 30 млн теңге.

Астана және Алматы үшін – 36 млн теңге.

Өтінімдер 2025 жылдың 17 наурызынан бастап қабылданады. Бағдарлама «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі ретінде жұмыс істейді.

Қосымша қолдау

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар, Отбасы банкі корпоративтік өнімдер аясында кәсіпорындармен бірлесіп, олардың қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлу тетігін іске қосады.

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банкі» АҚ Басқарма төрағасы:
«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер сияқты мамандар біздің негізгі қажеттіліктерімізді қамтамасыз етеді. Мұндай мамандардың баспана мәселесін шешу – олардың ауыр еңбегіне көрсетілген қамқорлықтың белгісі.»

Мақсаты:

Бағдарлама еліміздегі жұмысшы мамандардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың еңбегін лайықты бағалауға бағытталған.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар