Эльбрус Салпағаров – өскелең ұрпақты өмірге тәнті қылатын хирург
- author BAQ-Orda
- 2 сәуір, 2025
- 3

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген сәби науқастардың өмірге қайта келуіне себепкер болған дәрігердің есімі үйлесімді жұмысымен бірге көрсеткен қайырымдылық бастамаларымен де көпке мәлім. Өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық іс-шараларда, Қазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық акцияларында Эльбрус Хаджимахмұтұлы үнемі белсенділік таныта жүріп, көпбалалы, аз қамтылған жанұяларға медициналық қолдау көрсетуді ұйымдастыруға атсалысты.
Эльбрус Салпағаров жастайынан адам өміріне қызмет етуді мақсат етіп, 1971–1977 жылдары С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдап шықты. Әрі қарай кәсіби шеберлігін арттыру үшін Қазан, Мәскеу, Новокузнецк қалаларында өткен заманауи балалар хирургиясына арналғын мамандандырылған курстарға қатысты. Бұл кезең оның ғылыми-талдамалы әдістерге негізделген практикалық құзіретін айқын өсірді.
Балалар хирургиясына 50 жылдай арнаған жылдар ішінде Эльбрус Салпағаров жүздеген жеңіл әрі күрделі ота жасады. Ол медицина саласында:
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі»;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл»;
«Алтын дәрігер» медальдары;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің грамотасы;
Облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың құрмет грамоталары сияқты марапаттарға ие болды.
Хирургтің жұмысы – техника мен білімге негізделген күрделі процесс қана емес, сонымен бірге шынайы адамгершілік пен жан жылуын қажет етеді. Эльбрус Хаджимахмұтұлының қарапайымдылығы, адалдығы және табандылығы – жас мамандарға үлгі. Ол науқас отан алып келген шағында ғана емес, олар қартаюға беттегенше күтуші дәрігер ретінде жүректе есте сақталады. Бұл – хирурғия өнері ғана емес, шынайы махаббат пен жауапкерліктің көрсеткіші.