«Тараз қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша Ашық есік күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Бұл мекемеде «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер» қызметі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілуіне байланысты, әсіресе архивтік анықтамаларды алуда үлкен кісілер қиналады. Сондықтан да Ашық есік күнінде аталмыш мемлекеттік қызметтің қарапайым халыққа мүмкіндігінше түсінікті ету үшін де қажет.
Сонымен қатар архивтік анықтамалар беру мемлекеттік қызметін тікелей жүзеге асыратын қалалық архивтің маманы мұнда келушілерге заң аясында әдістемелік көмек жүргізеді.
Осы уақытқа дейін бірнеше электронды бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың басын біріктірген «Электронды үкімет» бағдарламасы халық арасында кеңінен таныла бастады.
Бүгінгі күні осы бағдарламамен өз үйіңізде отырып-ақ, тіпті ұялы телефоныңыз арқылы да жеке басыңызға қажетті анықтамаларды сұратуға болады. Ол үшін әр азамат халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе онлайн түрде «электронды кілтті» (ЭЦҚ) алса болғаны. Бұл бағдарламада «Архивтік анықтама алу» тетігі де іске қосылған. Бұл тетік арқылы әрбір қазақстандық азамат «Электронды үкімет» бағдарламасы арқылы республиканың кез келген аймағындағы мемлекеттік архивтерге сұраныс салып, қажетті анықтамасын ала алады.
Дөңгелек үстелге Тараз қаласының мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық бөлімдерінің (4 бөлім) басшылары мен мамандары, атап айтқанда, №1 бөлімінің маманы Қыстаубаева Гүлзат, №2 бөлімінің маманы Ахатай Айбек, №4 бөлімнің маманы Қанат Сыздыков, Тараз қаласының әкімінің тұрғын үй бөлімінің маманы Гүлшат Сартаева, Тараз қаласының білім бөлімінің архившісі Айгүл Абдыкаримова, №2 қалалық емхана архившісі Айман Артықбаева және қала тұрғындары, атап айтқанда: аз. Надежда Ткачева үйдің жекешелендіру келісімшарты, аз. Мухабат Әкімбай, Тараз қаласының қаулы көшірмесін, аз. Иса Байсеркеев қатысып, қажетті сұрақтарына тиісті жауап алды.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Жазықсыз жазаланғандар – жадымызда
Ұқсас жаңалықтар
Ұланғасыр Қамиев хит әні "Балқияға" қанша қаражат кеткенін айтты
- авторBAQ-Orda
- 22 ақпан, 2024