БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Пранкпен лүпіл санын арттырған»: Депутат Нартай Сәрсенғалиев пранк жасайтындарды сынға алды

«Пранкпен лүпіл санын арттырған»: Депутат Нартай Сәрсенғалиев пранк жасайтындарды сынға алды
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға қоғамда белең алып кеткен пранктерге қатысты депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желіде лүпіл жинау үшін адам шошытатын, қоғамдық тәртіпті бұзатын «әзілдер» көбейіп, парасат пен жауапкершілік шегінен асып барады.

Бүгінгі депутаттық сауалым “Ойын түбі — от, тұман түбі — жұт” дегенді санасына сіңірмеген селтеңбайлар туралы. Қазір пранк жасап, лайк қуып жүргендердің әрекеті қоғамның жүйкесін жұқартып, мәдениеттің деңгейін түсіріп барады, — деді Нартай Аралбайұлы.

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар

Депутат бірнеше нақты мысал келтірді.
Астанада блогерлер лифт ішіне «жалған мәйіт» кіргізіп, жарықты өшіріп адамдарды шошытқан. Тағы бір жағдайда елордалық тұрғын жеделсатыға тапаншамен кіріп, жұрттың зәре-құтын алған. Ал Алматыда блогерлер аула сыпырушыларға қоқыс лақтырып, мазақ еткен.

Бұдан бөлек, Қытайда қазақстандық блогер Аружан Айбекова «ұрлық жасап жатқандай» видео түсіріп, жергілікті полицияға шақыртылған. Кейін ол Ташкент метросында да әдепсіз әрекетпен көзге түскен.

Мұндайлар елдің абыройын төгіп жүр. Оларды қатаң жауапқа тартатын уақыт келді, — деді депутат.

Жасанды интеллект арқылы жасалған жаңа «пранктер»

Нартай Аралбайұлы пранктердің жаңа түрі — жасанды интеллект арқылы жалған бейнелер жасаудың қауіптілігіне де тоқталды.

Біреу президент немесе министр дүкенге келді деп жалған видео жасайды. Екіншісі балаларды пайдаланып, “бейтаныс адам үйге кіріп кетті” деген фейк суреттер жібереді. Ал ата-аналар қорқып, полиция шақырады. Сол уақытта шынайы көмекке мұқтаж адам назардан тыс қалады, — деді ол.

Тіпті бір блогердің «24 сағат табытта жату» челленджі қоғамда үлкен сынға ұшырағанын да атап өтті.

Депутат ұсынған шаралар

Мәжіліс депутаты бұл жағдайды заңмен реттеу қажет деп есептейді және төрт нақты ұсыныс айтты:
    1.    Қоғамдық тәртіпті бұзған, жеке өмірге қол сұққан пранкерлердің бірыңғай тізімін жасап, жариялау;
    2.    Мұндай бейнелерді жариялаған аккаунттарды дереу бұғаттау;
    3.    Әлеуметтік желі әкімшіліктеріне қауіпті контентті анықтап, уәкілетті органға хабарлау міндетін жүктеу;
    4.    Теріс құбылыстың алдын алу үшін жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар