БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Алға ауылында жаңа су құбыры іске қосылды

Алға ауылында жаңа су құбыры іске қосылды
Қордай ауданында ауылдарды таза ауызсумен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Соның бір нәтижесі ретінде аудан орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан Алға ауылында заманауи су құбырының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады. Ол инфрақұрылымды дамыту - жергілікті атқарушы органдардың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

– Бүгін сіздердің ауылдарыңызда жаңа су құбыры желісін пайдалануға беріп отырмыз. Бұл жоба мемлекетке қайтарылған заңсыз алынған активтер есебінен жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейін, маусым айында осы қаражат есебінен Үлкен Сұлутөр ауылында амбулатория ашылған болатын. Енді Алға ауылының тұрғындары да таза ауызсуға қол жеткізді. Бұл - халық денсаулығын сақтау, санитарлық жағдайды жақсарту және өмір сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтап, әр отбасыға амандық, береке-бірлік тілеймін, - деді Бақыт Сахатов.

Алға ауылының ақсақалдары да ел-жұртты құттықтап, ақ батасын берді. Одан кейін дәстүрге сай қызыл лента қиылып, аналар шашу шашты. Салтанатты жиынға қатысушылар мен ауыл тұрғындары краннан аққан судың сапасын өз көздерімен көріп, дәмін татты.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын Темір-Строй Сервис и Ко ЖШС атқарды. Техникалық қадағалауды TechEconomEnergy ЖШС жүргізсе, авторлық қадағалауға AlyStroyProekt ЖШС жауапты болды.

Жаңа су құбырының іске қосылуы – Алға ауылы тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам әрі мемлекетке қайтарылған қаражаттың ел игілігіне жұмсалып жатқанын көрсететін нақты мысал.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар