ФАРИЗА МЫРЗАБЕК АЙДАНА МЕДЕНОВАНЫҢ ХИДЖАБЫН ШЕШУІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
- author Admin
- Бүгін, 14:41
- 18
Блогердің айтуынша, соңғы уақытта кейбір өнер адамдары мен әлеуметтік желі белсенділері орамал тағу мәселесіне жеңіл қарай бастаған. Осыған байланысты ол әлеуметтік желідегі парақшасында эмоциялық жазба жариялады.
«Блогерлер мен әншілер орамалды ойыншық қылды. Ақшадан өлдіңдер ме? Сұмдық қой мынау! “Жанымның қалауы, жүрегімнің тыныштығы, елдің сөзі” дейсіздер. Алла алдындағы парыз қайда қалды? Неге тақтыңдар онда? Елдің бәрін тағып-шешуге үгіттеп жатырсыздар. Позор. Түсінбей жатқандар болса, айта кетейін: Айдана Меденова орамалын шешіп тастапты. Құрметті әншілер, сіздерді орамалсыз-ақ жақсы көретін едік. Орамал таққан соң сыйларыңыз арта түсті. Ал шешкеннен кейін не болды? Діннің атына кір келтірдіңіздер», – деп жазды ол.
Аталған жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір білдіруде. Бірі блогердің ұстанымын қолдаса, енді бірі әр адамның жеке таңдауына құрметпен қарау керектігін алға тартуда.


