БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеп, құрылтай мүшелерінің ел дамуына қатысты маңызды ой-пікірлер білдіргенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, құрылтай аясында мазмұнды әрі пайдалы пікір алмасулар өтті. Айтылған ұсыныстардың барлығы Қазақстанның алдағы дамуына қызмет ететініне сенім білдірілді.

Биыл Ұлттық құрылтай бесінші рет шақырылып отыр. Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтсе, екінші жиын түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда ұйымдастырылды. Үшінші басқосу бірегей Атырау аймағында, ал өткен жылы тарихы бай Көкшетау төрінде өтті.

Биылғы отырыс қастерлі Қызылорда жерінде өтіп отыр. Мемлекет басшысы бұл өңірдің халқымыз үшін орны айрықша екенін атап өтіп, «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөзді еске салды.

Президент Сыр бойындағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршын-кент секілді көне қалалардың орындары қазақ жерінде ежелден дамыған қала өркениеті болғанын айғақтайтынын айтты. Қызылорда осы тарихи қалалардың заңды жалғасы ретінде бағаланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қызылорданың тарихи мән-маңызына тоқталып, бұл шаһардың бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғанын еске салды. Дәл осы өңірде ел болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданғаны атап өтілді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар