БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Үкіметтің кеңейтілген отырысы: әлеуметтік-экономикалық даму, цифрландыру және конституциялық реформалар талқыланды

Үкіметтің кеңейтілген отырысы: әлеуметтік-экономикалық даму, цифрландыру және конституциялық реформалар талқыланды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, цифрландыру саясаты және конституциялық реформалардың жүзеге асуы кеңінен қаралды. Жиында негізгі баяндамаларды Үкімет мүшелері ұсынып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйледі.

Күн тәртібіне сәйкес Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы кезеңге жоспарланған Үкімет жұмысының басым бағыттары жөнінде баяндады. Ол экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру және негізгі салаларды дамыту міндеттері басты назарда екенін атап өтті.

Цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев тоқталып, бұл бағыт ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің маңызды құралы екенін жеткізді.

Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар туралы есеп берді.

Қорытынды сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазіргі кезеңде ауқымды өзгерістерді бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай барысында конституциялық реформаның негізгі аспектілері талқыланып, қоғамда бұл мәселе бойынша белсенді пікір алмасу жалғасуда.

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия құрамында 130 адам барын айтып, барлық ұсыныстар сараланып, тиісті түзетулер әзірленгенін жеткізді. Сонымен қатар азаматтардан eGov және eOtinish платформалары арқылы бірнеше мың ұсыныс түскенін, комиссия олардың әрқайсысын мұқият қарастырғанын атап өтті.

Президент реформалардың ашық түрде жүргізіліп жатқанын, қоғамдық талқылаулардың кең ауқымда ұйымдастырылғанын айтып, бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты көрінісі екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай өзгерістер Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар