Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін: түзетулер жыл соңына қарай қабылдануы ықтимал

Жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін: түзетулер жыл соңына қарай қабылдануы ықтимал
Қазақстанда жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістегі брифинг барысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қоғам мен бизнес өкілдерінен түскен ұсыныстар қаралып жатыр. Ұсыныстарды талдау үшін арнайы жұмыс тәртібі енгізілген. Соған сәйкес, әрбір мәселе бойынша жауап беру мерзімі 3, 5 немесе 10 күн болып белгіленген. Егер осы уақыт аралығында нақты жауап берілмесе, онда мәселе жүйелі сипатқа ие деп танылып, Салық кодексіне өзгерістер енгізуді қарастыратын арнайы жұмыс тобының талқылауына жіберіледі.

Жұмыс тобы жыл сайын отырыс өткізеді. Серік Жұманғариннің айтуынша, талқылау нәтижесінде Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер осы жылдың соңына қарай қабылдануы мүмкін. Ал қабылданған түзетулер келесі жылдан бастап күшіне енуі ықтимал.

Министр сондай-ақ Салық кодексі дәстүрлі түрде түзетулер 1 қаңтардан бастап күшіне енетіндей етіп әзірленетінін атап өтті. Сондықтан қандай да бір өзгерістер енгізілген жағдайда, олар жаңа жылдан бастап іске асырылады.

"Қазір қоғамды алаңдатпау үшін нақты бір немесе екі түзетуді атап өткім келмейді. Бірақ қажет болса, оларды дүйсенбі күні жариялауға дайынбыз. Бұл мүлде құпия мәселе емес", – деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы бұл құжат «қасиетті жазба емес» екенін айтып, қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізуге болатынын атап өтті.

Келесі күні Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне халық пен бизнес өкілдерінен түскен ұсыныстарды жинақтап, талдауды тапсырды. Қазіргі таңда ұсыныстарды қарау және жүйелеу жұмыстары жалғасып жатыр.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар