Шетелдегі референдум учаскелері қысқарды: 54 елде 71 дауыс беру орны жұмыс істейді
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 16:16
- 9
Оның айтуынша, бастапқы жоспар бойынша Қазақстан азаматтары үшін 62 елде 80 дауыс беру учаскесін ашу көзделген болатын. Алайда әлемдегі қақтығыстар мен кейбір өңірлердегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты бұл көрсеткіш өзгертілді.
Нәтижесінде, қазіргі таңда 54 мемлекетте 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Яғни қауіпсіздік жағдайына байланысты 10 елдегі 11 учаскенің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, шетелде дауыс беру құқығына ие қазақстандықтардың жалпы саны 14,2 мың адамды құрайды. Олардың барлығы тиісті елдердегі дипломатиялық өкілдіктер жанында ұйымдастырылған учаскелерде дауыс бере алады.
Бұған дейін қауіпсіздік және ұйымдастыру мәселелеріне байланысты Украина мен Эфиопияда дауыс беру учаскелері ашылмайтыны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Бұл саяси науқан елдегі маңызды мемлекеттік шешімдердің бірі ретінде қарастырылып отыр.




