БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Чехияда жаңартудан өтті

Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Чехияда жаңартудан өтті
caption
Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Чехияда жаңартудан өтті
Чех Республикасынан Қазақстанға жаңғыртудан және күрделі жөндеуден өткен L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары жеткізілді. Олар бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты аясында өндіруші зауытқа жөндеуге жіберілген болатын. Модернизациядан өткен ұшақтың жаңа цифрлық және катапульттік жүйесі, объективті бақылауы, байланыс құралдары және тағы басқалары жаңарды. L-39 ұшағы курсанттарды ұшу техникасына алғашқы үйретуге арналған. Онда оқу орындары мен бөлімдердің ұшу құрамының жаттығулары өткізіледі, әуе нысаналарын ұстау, байланысты жауынгерлік іс-әрекетте қолдану элементтері игеріледі, жерүстіндегі нысаналарды зақымдау іс-қимылдары пысықталады. – Курсанттардың ұшу тәжірибесіне пайдаланатын ұшағы осы. Олар үшін дербес ұшу – маңызды. Себебі ұшу шеберлігін игерудің алғашқы қадамы басталады. Бұдай кейін оларға жай және күрделі пилотажға, бағыт бойынша, бұлттарда, төмен биіктікте ұшуға рұқсат беріледі, – деді авиациялық оқу-жаттығу орталығының командирі полковник Азамат Асанов. Енді жаңғыртылған ұшу аппараттарында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының үшінші курс курсанттары тағылымдамадан өтуде. Ұшу басталғанға дейін болашақ ұшқыштар ұшақтың теориялық және материалдық бөлігін, ұшу жұмысын және ерекше жағдайларда әрекет ету тәртібін реттейтін құжаттаманы зерделеді. Жаңартылған L-39 оқу-жаттығу жауынгерлік ұшағын меңгеруге тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар