Әлемнің үздік тревел-блогері атанған қазақстандық Дастан Мұхамедрақым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездест, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жағымды жаңалықпен блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Кездесу барысында ол Президентке өзінің шығармашылық жолы мен жетістіктері туралы айтып берген.
Блогердің айтуынша, Мемлекет басшысымен жүздесу – ол үшін үлкен мәртебе.
«Мен негізі “Қазақ тілі және әдебиеті” пәнінің мұғалімімін, бірақ жан дүнием үнемі шығармашылыққа тартып тұрды. Сөйтіп, бірнеше жыл бұрын блогерлікті бастаған кезде, мұндай дәрежеге жетемін деп күтпедім», – деді ол.
Сонымен қатар, Дастан Мұхамедрақым Президентке өзінің видеолары арқылы қандай жетістіктерге жеткенін, қалай танымал болғанын да баяндаған.
Айта кетейік, отандық блогердің бұл жетістігі – қазақстандық контент жасаушылар үшін үлкен мотивация әрі шабыт көзі болып отыр.