Алматы қаласында жоғалып кеткен ер адамға қатысты іздеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Еріктілердің мәліметінше, Байыр Сиқымбаев 24 наурыз күні шамамен сағат 13:20-да Медеу ауданындағы Коперник көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз, туыстары мен жақындары алаңдаулы.
Жоғалған азаматтың белгілері: бойы шамамен 180–185 см, дене бітімі арық, шашы қысқа әрі қара түсті. Үстінде қара түсті спорттық киім болғаны айтылды.
Аталған деректі Алматы қалалық полиция департаменті де растады. Қазіргі уақытта Медеу аудандық полиция басқармасы жедел іздестіру шараларын жүргізіп, ер адамның жүрген жерін анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар атқаруда.
Айта кетейік, Байыр Сиқымбаев – марқұм, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның туысы. Белгілі өнер иесі 2024 жылдың күзінде өмірден өткен еді.
Құзырлы органдар мен еріктілер тұрғындардан көмек сұрайды. Егер Байыр Сиқымбаев туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу полицияға немесе еріктілерге хабарласу сұралады.