Контентке өту

Баян Алагөзова Жұлдыз Өмірғалидің топтан кетуіне Айқын себеп болғанын айтты

Баян Алагөзова Жұлдыз Өмірғалидің топтан кетуіне Айқын себеп болғанын айтты
ашық дерек

Белгілі продюсер Баян Алагөзова KeshYOU тобының тарихындағы көпшілік біле бермейтін жайттардың бірін жария етті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Оның айтуынша, топтың бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғали мен әнші Айқын Төлепберген арасындағы қарым-қатынас Жұлдыздың шығармашылық жолына тікелей әсер еткен.

Продюсердің сөзінше, Жұлдыздың жеке өмірінде өзгеріс болғанын естіген сәттен бастап, оған топта қалу мүмкін еместігін бірден айтқан. Алайда сол кезде әнші ұжымнан кеткісі келмеген.

Сонымен қатар, Баян Алагөзова Айқын Төлепбергеннің өзі Жұлдызды топта қалдыруды сұрағанын да еске алды. Бірақ продюсер KeshYOU жобасының өзіндік талаптары мен қағидалары бар екенін атап өтті.

«KeshYOU – жай ғана қыздардан құралған топ емес, бұл – үлкен жоба», – деді ол.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, топ тарихына қатысты тың деректердің бірі ретінде қабылданды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты