Балжан Бидаш KeshYou тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне қатыспайтыны белгілі болды. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тыңдармандар арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әсіресе топ туралы жарық көрген деректі фильмнен кейін көпшілік бұрынғы қатысушылардың сахна сыртындағы өміріне назар аудара бастады. Фильмде продюсер Баян Алагөзованың Балжан Бидаштың сырт келбетіне қатысты айтқан сөзі желі қолданушылары арасында сынға ұшырады.
Көпшілік мұндай пікірдің орынсыз болғанын айтып, әншіге қолдау білдіруде. Әлеуметтік желіде Балжанның таланты, еңбекқорлығы және сахнадағы шынайылығы туралы жылы пікірлер көбейді.
Оқырмандардың басым бөлігі өнер адамының сырт келбетін емес, шығармашылығы мен адамдық қасиетін бағалау қажет екенін жазуда. Сонымен қатар желіде Балжан Бидашты қолдаған түрлі жазбалар мен хэштегтер таралып жатыр.