Танымал әнші, МузАРТ тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің егіз қыздары мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты. Осыған орай әнші қыздарына ақ тілегін арнап, әсерлі жазба жариялады.
«Кезінде Карима – Мейрамбек аға менікі, ал Калима – Сәкен аға менікі дейтін кішкентай қыздарымыз осылай бой жетіп, үлкен өмірге қадам басуда. Екі қызымыздың жолы ақ болсын», – деп жазды әнші.
Айта кетейік, түлектерді құттықтауға қазақ эстрадасының танымал әншілері Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев арнайы келіп, ізгі тілектерін білдірген.
Желі қолданушылары да өнер иесінің отбасын құттықтап, егіз қыздарға жарқын болашақ, сәттілік пен ақ жол тіледі.