Контентке өту

Каспийдегі оқиғаға қатысты видеоны өшіруді сұраған адам Қорғаныс министрлігінің қызметкері болып шықты

Каспийдегі оқиғаға қатысты видеоны өшіруді сұраған адам Қорғаныс министрлігінің қызметкері болып шықты
ашық дерек

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде тараған видеоны өшіруді сұраған адамның Қорғаныс министрлігінің қызметкері екені анықталды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады. Ведомство мәліметінше, қызметкердің аты-жөні – Мирбулат Саду.

Сонымен қатар министрлік оның әлеуметтік желідегі пікірлері жеке азаматтық ұстанымы екенін атап өтті. Яғни Мирбулат Садудың айтқандары Қорғаныс министрлігінің ресми позициясы болып саналмайды.

Ведомство әскери бөлімдерге Каспийдегі оқиғаға қатысты әлеуметтік желідегі жарияланымдарды іздеу, оларды өшіру немесе атқарылған жұмыс жөнінде есеп беру туралы ешқандай тапсырма берілмегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мұндай жұмыс үшін әскери қызметшілерді 25 қазан – Республика күніне орай марапаттау туралы да нұсқау болмағанын жеткізді.

Осылайша, әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты әрекет министрліктің ресми тапсырмасы емес, аталған қызметкердің жеке ұстанымы болғаны ведомство тарапынан айтылды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты