Контентке өту

Ресей президенті Владимир Путин Астанаға 1,5 жылда екінші рет мемлекеттік сапармен келді

Ресей президенті Владимир Путин Астанаға 1,5 жылда екінші рет мемлекеттік сапармен келді
ашық дерек

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Астанаға 1,5 жыл ішінде екінші рет мемлекеттік сапармен келеді. Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды кезеңі ретінде бағалануда. Кездесу барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылып, саяси-экономикалық байланыстар талқыланады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қандай құжаттарға қол қойылады?

Сапар аясында жалпы саны 16 маңызды құжат бекітіледі деп жоспарланған. Олардың ішіндегі ең негізгілері:

- Ресейдің жобасы және несиесі арқылы Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі келісім;
- Қазақстан мен Ресей достығының «жеті негізі» туралы бірлескен мәлімдеме.

Бұл құжаттар екі елдің энергетика, экономика және дипломатия салаларындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруы мүмкін.

Сапардың басты ерекшелігі неде?

Дипломатиялық тәжірибеде бір президенттік мерзім ішінде бір елге тек бір рет мемлекеттік сапар жасау қалыпты саналады. Алайда Владимир Путиннің Қазақстанға 1,5 жыл ішінде екінші мәрте дәл осы форматта келуі ерекше назар аудартты.

Сарапшылардың пікірінше, бұл Мәскеу мен Астананың өзара қарым-қатынасқа айрықша мән беріп отырғанын көрсетеді.

Сапар барысында не жоспарланған?

Кездесу аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Астанада дарынды балаларға арналған «Сириус» білім беру орталығының құрылыс алаңына алғашқы капсула салу рәсімі өтеді.

Бұдан бөлек, Ресейден келген 400 адамдық ауқымды делегация Еуразия экономикалық форумына қатысады. Форум барысында өңірлік интеграция, сауда және инвестициялық байланыстар жөнінде пікір алмасу жоспарланған.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты