Контентке өту

Қанай сахнада көз жасына ерік берді: әнші анасын еске алды

Қанай сахнада көз жасына ерік берді: әнші анасын еске алды
ашық дерек

«Qanay» лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай сахнада көз жасына ерік берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі “Мама” әнін орындау кезінде жақында дүниеден өткен анасын еске алып, толқуын жасыра алмады. Көрермен алдында ән айтып тұрып жылап қалған сәті көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Белгілі болғандай, соңғы уақыттары әнші үшін ауыр кезең болып отыр. Биыл қаңтар айында Нұрболат Қанайдың әкесі де өмірден өткен. Екі бірдей жақынынан айырылу өнер иесіне оңай соқпағаны байқалды.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл сәтіне бейжай қарамай, жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік оның қайғысына ортақтасып, қолдау білдірді.

«Үнемі күліп, күлдіртіп жүретін адамның жылағанын көру қандай қиын»
«Ананың орнын ешкім баса алмайды»
«Жаным-ау, жүрегім езіліп кетті»
«Қанайдың бұндай қалпын алғаш көруім. Анасын Алла рақымына алсын!»
«Әкесі де, анасы да кетті-ау»
«Мықты бол»
 деп жазды желі қолданушылары.

Бұл жағдай көпшілікке өнер иелерінің де қарапайым адам сияқты ауыр қайғыны бастан кешетінін тағы бір мәрте көрсетті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты