Контентке өту

Таразда тұрғын үйлердің қасбетін жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда тұрғын үйлердің қасбетін жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Тараз қаласының тұрғын үй қорында бүгінгі таңда 1438 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде 1103 тұрғын үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқандықтан, олар қаладағы өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылуда. Уақыт талабына сай бұл үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарын жаңарту, сыртқы келбетін ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Осыған байланысты 2011-2025 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ қайтарым қаражат есебінен жалпы құны 23,3 млрд. теңгеге 565 көппәтерлі тұрғын үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар аясында тұрғын үйлердің шатырлары, қасбеттері, инженерлік желілері мен кіреберістері жаңартылып, олардың техникалық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде көптеген тұрғын үйлердің пайдалану мерзімі ұзартылып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы айтарлықтай артты.

2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Атап айтқанда, 73 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта 8,0 млрд. теңге көлемінде бюджеттік өтінім ұсынылды. Жоспарланған жұмыстар тұрғын үйлердің тозу деңгейін төмендетуге, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаладағы тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңарту мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Қаланың орталық көшелеріндегі тұрғын үйлердің бірыңғай архитектуралық стилін қалыптастыру мақсатында арнайы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба аясында 2024 жылы Төле би даңғылы бойындағы 12 тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, заманауи талаптарға сай жаңартылды. Бұл жұмыстар қала келбетінің көркеюіне және эстетикалық тартымдылығының артуына оң әсерін тигізді.

Ал 2025 жылы Абай даңғылы, Әйтеке би және Қазыбек би көшелерінің бойында орналасқан 15 тұрғын үйдің сыртқы сәулеттік келбеті жаңартылып, үйлердің фасадтары бірізді стильде безендірілді. Нәтижесінде аталған көшелердің ажары ашылып, қаланың орталық бөлігінің көркемдік бейнесі айтарлықтай жақсарды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ағымдағы жылы Ыбырайым Сүлейменов көшесінің бойындағы 9 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жоспарланып отыр. Жоба аясында үйлердің сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, сәулеттік келбеті жаңартылатын болады. Бұл өз кезегінде қаланың эстетикалық тартымдылығын арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты