Контентке өту

Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды

Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды
Ашық дерек

Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары ресми түрде басталды. Мәртебелі мейманды елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Мемлекеттік сапар аясында ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық байланыс, энергетика, көлік-логистика және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Сонымен қатар, келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады.

Айта кетейік, Владимир Путиннің бұл сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды саяси оқиғалардың бірі ретінде бағалануда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты