Контентке өту

Жамбыл облысында агросекторды қолдау: жанар-жағармай, техника және қаржыландыру

Жамбыл облысында агросекторды қолдау: жанар-жағармай, техника және қаржыландыру

Жамбыл облысында көктемгі және күзгі дала жұмыстарын тиімді жүргізу үшін шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. 2026 жылға 27,4 мың тонна дизель отыны қарастырылып, оның 18,2 мың тоннасы көктемгі жұмыстарға бөлінді. Мемлекет бекіткен баға бойынша дизель отынының 1 литрі 281 теңгені құрап, нарықтағыдан 15%-ға төмен деңгейде ұсынылуда, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өңірде жанар-жағармайды тарату үшін 8 өңірлік оператор айқындалған. Олардың қатарында «Тараз VIP сервис» ЖШС, «SAMOIL» ЖШС, «Ақ қайың» ЖШС, «Казснаб-Групп» ЖШС, «WeDo Energy» ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар.

Көктемгі жұмыстарға 10,7 мың ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Оның ішінде 5 447 трактор, 1 032 соқа, 562 қопсытқыш, 645 дән сепкіш бар. Сонымен қатар техника паркін жаңарту мақсатында 476 жаңа техника алу жоспарланып отыр.

Қаржыландыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары аясында облысқа 7 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда 187 шаруадан 6,1 млрд теңгеге өтінім түсіп, 149 шаруашылыққа 4,4 млрд теңге 5% жеңілдетілген несие ретінде берілді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты