Контентке өту

Жамбыл облысында инженерлік-саперлік полктің дайындығы тексерілді

Жамбыл облысында инженерлік-саперлік полктің дайындығы тексерілді

Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы инженерлік-саперлік полкіне кешенді тексеріс жүргізді, деп хабарлайды baq-orda.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Комиссия полк қызметінің ұйымдастырылуын, қару-жарақ пен инженерлік техниканың жайын, сонымен қоса жеке құрамның кәсіби даярлығын көрді.

Инженерлік бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Олардың инженерлік барлау жүргізуге, кедергілерді еңсеруге және инженерлік жарақтардан өткелдер жасауға дайындығы бақыланды.

Комиссия бұдан басқа, әскери қызметшілердің тактикалық, атыс және дене шынықтыру даярлығының деңгейін, олардың радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптілік жағдайында жасайтын іс-әрекетке дайындығын тексерді.

Бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастыруға, әскери тәртіптің жай-күйіне және әскери ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға да баға берілді.

Инженерлік-саперлік полктің дайындық деңгейін және оның мақсатына сай міндеттерді орындауға қаншалықты дайындығын кешенді бағалау негізінде комиссия бөлімше қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсынымдар әзірледі.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты