Контентке өту

Жамбыл облысында “Қоғаммен байланыс” акциясы өтті

Жамбыл облысында “Қоғаммен байланыс” акциясы өтті

Жамбыл облысының барлық аудандарында прокуратура органдарының бастамасымен “Қоғаммен байланыс” атты ауқымды азаматтарды қабылдау акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара прокуратура, уәкілетті мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысы аясында өткізіліп, халықпен тікелей әрі ашық диалог орнатуға бағытталды.

Акция барысында өңірдің 1300-ден астам тұрғыны құқықтық кеңес алып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша білікті жауаптарға қол жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген 300-ден астам проблемалық мәселе оң шешімін тауып, нақты көмек көрсетілді. Бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, халық үніне құлақ асу қағидатының іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көрсетті.

Іс-шараның маңызды ерекшеліктерінің бірі – прокуратура тарапынан QR-код форматындағы цифрлық кері байланыс тетігінің енгізілуі болды. Аталған жүйе арқылы қабылдауға қатысушылардың есебі ашық жүргізіліп, атқарылған жұмыстардың тиімділігіне объективті баға беруге мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, бұл құрал қоғамдағы өзекті мәселелер мен тұрғындардың көңіл-күйін уақытылы анықтауға, халықтың прокуратура органдарына деген сенім деңгейін зерделеуге жол ашады.

Мұндай цифрлық шешімдер азаматтармен жұмыстың сапасын арттырып қана қоймай, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.

Акция қорытындысы бойынша өңір тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, қоғамдық қабылдауларды тұрақты түрде өткізудің маңыздылығын атап өтті. Халықтың пікірінше, мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, әлеуметтік мәселелердің жедел шешілуіне мүмкіндік береді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты